Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы Сауль Канело Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық боксшылармен тәжірибесін бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) және Бек Нұрмағанбетпен (8-0, 6 КО) жаттығу өткізді. Залдағы жаттығу кезінде мексикалық спортшы боксшыларға түрлі әдіс-тәсілдер көрсетті.
"Барша қазақстандық жанкүйерге сәлем. Құшақтаймын", - деді мексикалық.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!