Әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес DAZN арнасына берген сұхбатында салмақ дәрежесіне қарамастан, қазіргі үздік бес боксшыны атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мексикалық боксшының тізіміне украиналық Александр Усик, жапониялық Наоя Иноуэ, ресейлік Дмитрий Бивол, сондай-ақ, америкалық Шакур Стивенсон мен Джервонта Дэвис енді.
Айта кетейік, Альварес - қазір әлемдегі табысы ең жоғары боксшылардың бірі. Ол жартылай орта, бірінші орта, орта, екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде өнер көрсетті.
Мексикалық The Ring журналы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан, әлемнің үздік боксшысы атанған. Сондай-ақ, ол екінші орта салмақта абсолют чемпион болған.
Қазақстандық жанкүйерлер Альваресті Геннадий Головкинмен өткізген трилогиясы арқылы жақсы біледі. Екі боксшы 2017, 2018 және 2022 жылдары кездесті. Алғашқы жекпе-жек даулы тең нәтижемен аяқталса, кейінгі екі кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!