Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан күтпеген жерден ұтылып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл айқас Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.
Кездесу 12 раундқа созылды. Жекпе-жек алдында аутсайдер саналған Бивол "Канелоны" біраз қинап, жеңіске жетті. 12 раундтың қорытындысы бойынша үш төреші де 115-113 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға берді.
Бұл Альварестің кәсіпқой бокстағы екінші жеңілісі. Оның еншісінде 57 жеңіс бар. Ал Бивол болса 20 рет жеңіске жетті және әлі жеңіліп көрмеген.