Канело - Бивол жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды

Канело - Бивол жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды
Фото: Reuters

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан күтпеген жерден ұтылып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл айқас Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. 

Кездесу 12 раундқа созылды. Жекпе-жек алдында аутсайдер саналған Бивол "Канелоны" біраз қинап, жеңіске жетті. 12 раундтың қорытындысы бойынша үш төреші де 115-113 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға  берді. 

Бұл Альварестің кәсіпқой бокстағы екінші жеңілісі. Оның еншісінде 57 жеңіс бар. Ал Бивол болса 20 рет жеңіске жетті және әлі жеңіліп көрмеген.

А. Жапатова
Logotype Massaget