Қанат Ислам спорттық мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады

Қанат Ислам спорттық мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады
Фото: Фото: Nelson Promotions©

Қазақстандық Қанат Ислам (28-1, 22 КО) титулдық белдесуде британиялық Джеймс Килрейн Келлиге (26-2, 10 КО) есе жіберді.

Он раундқа есептелген дуэль Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтті. Жеңімпазға WBO Global бойынша орта салмақтағы бос чемпиондық титул берілетін еді. Төртінші раундта екі қарсылас та жарақат алды, бірақ күресті жалғастыра берді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 95:95, 96:94 және 97:93 көп дауыспен жеңісті ағылшынға берді. Ислам үшін бұл жеңіліс оның мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.

Ислам алдыңғы жекпе-жекте эквадорлық Джейсон Александр Минданы (14-6-1, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын. 29 жастағы Келлиге келсек, өткен жылдың желтоқсан айында отандасы Генри Мэттьюсті (16-51-3, 2 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

А. Оралқызы