Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам жас боксшыларды өз командасына қосылып, бірге биік белестерді бағындыруға шақырды.
Қанат Ислам командасына ауыр салмақтағы боксшы Руслан Мырсатаевтың да қосылғанын қуана хабарлады. Қазір боксшыларымыз АҚШ-та жаттығу жасап жүр.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам 17 ақпанда бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Жекпе-жекті "Қазақстан" арнасы тікелей эфирден көрсетеді деп жоспарлануда.