Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"...Жәнібектің қасында жырғатқан маман жоқ. Ондай жағдай менде де болды. ...Біз Қытай құрамасында жүргенде күніне бір сағат арнаулы сабақ өтетін. Тіпті тізеге жағатын майдың құрамына дейін тексеріп, "мынау болады, мынау болмайды" деп нақты көрсетті", - деді спортшы.
Еске салайық, бұған дейін боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты бірнеше мәрте жауап берді. Олар таза екенін, тамақ та, дәрумен де баяғы қалпында екенін мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!