Әйелдер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған әлемдік рейтингі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Астанадағы айтулы жеңісінің арқасында Қазақстан құрамасы тоғызыншы орыннан жетінші орынға көтерілді. Бұған 2023 жылғы әлем чемпиондары - Канада құрамасын жеңуі себеп болған. Астанада өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталған еді.
Айта кетейік, әлемдік рейтингте Италия көш бастап тұр. Сондай-ақ, үздік үштікке Ұлыбритания мен Украина енген. Жаңартылған тізімде Қазақстан Канаданы артқа қалдырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова