Аралас жекпе-жек (ММА) шебері Зелимхан Юсупов Дағыстанда соққыға жығылды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Юсуповтың соққыға жығылуына поп-ММА турнирлерінің бірінде Хадис Ибрагимовпен жанжалдасып қалуы себеп болған.
Юсупов 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Лондонға еркін күрестен Тәжікстан құрамасы сапында барған спортшы 11-орын алған еді. Сонымен қатар, ол 2014 жылғы Азия чемпионы.