Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының финалында жеңілді

Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 91 килодан жоғары салмақта Қамшыбек Қоңқабаев финалда сүрінді.

Шешуші шайқаста ұлттық құраманың капитаны Баходир Джалоловпен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұған дейін шаршы алаңға шыққан Бекзат Нұрдәулетов финалда өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовті айқын ұтып/тен жеңіліп алтынды қанжығалаған болатын.

Өз мәресіне жеткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль алды.