Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 1/16 финалда ресейлік Алексей Дроновпен кездесіп, оны ұпай санымен ұтты және үшінші раундта нокдаунға түсірді.
"Аллаға шүкір, міне, бірінші жекпе-жекті өткіздік. Ағайлардың айтқанын орындап, жеңіске жеттік. Алдағы жекпе-жектерге тактика құрып, жеңісті жолды әрі қарай жалғастырып, қазақ елін қуантып, көк байрақты желбіру үшін аянып қалмаймыз. Бар күш-жігерімізді саламыз. Әрине, Қазақстанда жұдырықтасып жатқандай, жан-жақтан жанкүйерлер қолдау білдірді. Олардан бөлек, сіздердің де қолдауларыңызды сездім", - деді боксшы жекпе-жектен кейін берген сұхбатында.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Ташкенттегі жарыс жолынан шығып қалған еді. Ол 63,5 келі салмақта Маврикия елінен келген 35 жастағы Ричарно Колиннен жеңілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!