Камбэк жасаған "Астана" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты

"Астана" футбол клубы Тбилисиде "Динамоны" ұтып, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті. Отандастарымыз сырт алаңдағы қарымта ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір апта бұрын "Астана Аренадағы" ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан.

Тбилисидегі қарымта ойынды алаң иелері ширақ бастады. 22 минутта Усман Камара есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды.

Екінші таймды да "Динамо" шабуылмен бастап, есепті еселеуге аз қалды. 50 минутта Абзал Бейсебеков алға ұмтылып, таразы басын теңестірді. Араға бір минут сала Дембо Дарбо есепте елордалық команданы алға шығара білді. Оның асқан шеберлікпен тепкен добын Гиорги Лория қайтарғанмен, доп қақпа торында тулады. Осылайша Григорий Бабаян шәкірттері камбэк жасай білді.

Қос ойын қорытындысы бойынша "Астана" екінші іріктеу кезеңіне шықты. Бұл кезеңде отандастарымыз Загребтің "Динамо" командасымен кездеседі.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!