- Негізгі бет
- Спорт
- Камбэк болмады. Оңтүстік...
Камбэк болмады. Оңтүстік Корея үш минутта 2 гол соқса да, жеңіліп қалды
Гана құрамасы 2022 әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті. H тобының екінші турында Гана құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ойын голға бай болды.
24-минутта Мохаммед Салису гол соғып, ганалықтарды алға шығарды. Тура он минуттан соң Мохаммед Кудус есепті еселеді.
Екінші таймда корей футболшылары үш минут ішінде таразы басын теңестіріп тастады. Чо Хе Сон 58 және 61-минуттарда екі рет баспен дәл соққы жасады.
Таблода бұл есеп жеті минут сақталып тұрды. 68-минутта Кудус дәлдік танытып, африкалық құрамаға жеңіс сыйлады - 3:2.
Осылайша, Гана құрамасы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал корей футболшылары әзірше Катарда жеңіп көрген жоқ.
Н тобының 3-турдағы ойындары 2 желтоқсанда өтеді. Оңтүстік Корея Португалиямен, ал Гана Уругваймен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш