Қазақстандық белгілі ауыратлет Илья Ильин әлеуметтік желіде тойынан видео жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшының сүйіктісі - астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко. Олар 12 қаңтарда Астанада некесін қиған.
"Тыныш өткізіейік дегенбіз, бірақ қалай тыныш қаласың? Қарсы алыңыздар, достар, менің жарым - Ильина Татьяна Андреевна! Бақыт тілеп қойыңыздар! Құттықтауларыңызға рақмет!" - делінген жазбада.
Еске салайық, бұған дейін Илья Ильин екінші рет үйленгені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!