Қазақстандық файтер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырына көтерілді.
Қадырбек Шынбаев алтын жүлде сарапқа салынған жекпе-жекте тәжікстандық Бехруз Хуршедзодадан 3:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды.
Айта кетейік, бұған дейін Еркінғали Бүркіталин (77 келіге дейін) алтын алған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова