Қазақстандық Ержан Ізтілеуовтен жеңілген өзбекстандық Иброхим Гиесов қарсыласының қолын алмастан ринг шетінде жылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Әзербайжан астанасы Бакуде өткен жастар арасындағы халықаралық турнир финалында қазақ боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 52 келі салмақта жеңімпаз ретінде Ержанның есімі атлғаннан кейін өзбек боксшы қарсыласына қолын бермей, ринг шетіне барып, бетін жауып тұрып қалды.
Ізтілеуов жан-жағына құрмет білдіріп, Иброхимнің қасынан тағы өтіп бара жатып, қайтадан қол ұсынған еді. Өзбек боксшы бұл жолы да қарсыласын елемей құрместсіздік танытты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!