Жуырда қандай спорттық жарыстар өтеді? Кесте

Жуырда қандай спорттық жарыстар өтеді? Кесте
Фото: depositphotos.com

Туризм жəне спорт министрлігі 28 сәуір мен 12 мамыр аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның ішінде ел ішінде де, шетелде де өтетін жарыстар бар:

  • 28-30 сәуір: Велоспорттан Tour of Bostonlig Ladies халықаралық жарысы. Қазақстан намысын 5 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Газалкент қаласы, Өзбекстан.
  • 29 сәуір-1 мамыр: Ересектер арасында қазақ күресінен "Сарыарқа батырлары" Азия кубогі. Жарысқа барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180 спортшы қатысады. Өтетін орны: Қарағанды қаласы.
  • 29 сәуір-6 мамыр: Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасы сапынан 5 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
  • 30 сәуір-6 мамыр: Мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир. Бәсекеге отандық 3 спортшы қатысады. Өтетін орны: Бангкок қаласы, Таиланд.
  • 30 сәуір-6 мамыр: Жүзуден Acropolis Swim Open халықаралық турнирі. Жарысқа ел құрамасынан 6 спортшы қатысады. Өтетін орны: Афина қаласы, Грекия.
  • 3-12 мамыр: Стенд атудан Әлем кубогі. Турнирде 6 спортшымыз өнер көрсетеді. Өтетін орны: Никосия қаласы, Кипр.
  • 4-9 мамыр: Күрес түрлерінен жастар арасындағы халықаралық турнир. Турнирге Қазақстан құрамасының палуандары да қатысады. Өтетін орны: Анталия қаласы, Түркия.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget