Жүргізуші Криштиану Роналдудың Bugatti Veyron көлігімен Испанияның Мальорка аралында жол апатына түсті. Бұл туралы The Sun жазды, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Футболшының өзі де сол аралда демалып жатыр, алайда көлікте тек жүргізуші болған екен. Ол суперкарға ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, жекеменшік үйдің қоршауына соғылған.
Жүргізушінің өзі зардап шекпеген, ал көлік айтарлықтай зақымдалыпты. Істі қазір Испания полициясы тергеп жатыр.
Сағатына 400 шақырым жылдамдық алатын көліктің бағасы екі миллион еуро тұратынын айта кетейік.