"Барселонамен" келісімшартқа отырғаннан кейін алғаш рет ұлттық құрамаға шақырту алған қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов командаластары онын қалай қарсы алғаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
15 жастағы қазақстандық Шымкентте өткен жолдастық турнирге қатысу үшін U-16 құрамасына шақырылды. Онда команда Ресей, Пәкістан және Әзербайжаннан келген құрдастарымен ойнады. Кәрімнің әкесі Русланның айтуынша, ол ұлы үшін біраз алаңдаған.
"Бұл – тәрбие мәселесі. Ол жағынан мен тіпті уайымдамаймын. Ол кеткенде мен аздап қорықтым, өйткені біздегі жігіттер физикалық тұрғыдан мықты, ал мұнда (Испанияда) бәрі техникаға сүйеніп ойнайды. Бірақ Қазақстан – өз Отанымыз, қайткен күнде де оны жіберемін. Десе де: "Балам, абайла, өйткені алда Каталония кубогы күтіп тұр" деп ескерттім. Оны өзім жібердім, оның өзі де мәз-мейрам. Ол жаққа барғанда, бәрі "Барсадан" нағыз жұлдыз келе жатыр деп ойлаған, ал оның телефоны 150 еуро тұратын қарапайым қытайлық аппарат. Бәрі таңғалды. Олар "Барсадан" келген соң, қазір керемет телефоны бар біреу келеді деп күткен еді... Мен оған әрқашан "көкірегіңді көтерме, балам" деп айтып отырамын", - деді Руслан TengriSport-қа берген сұхбатында.
Фото © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол
Кәрім де тілшімізбен болған әңгімеде команданың оны өте жақсы қабылдағанын атап өтті.
- Ұшып келгенімде жігіттер мені өте жақсы қарсы алды. Академиядағы балалармен араласып тұрамын, олар өте жақсы адамдар.
- Қазір командадағы ахуал қалай?
- Атмосфера тамаша, жігіттер ашық-жарқын, ниеттері түзу.
- Құрама жейдесін кигенде қандай сезімде болдың? Ұлттық құрама үшін ойнаудың жөні бөлек пе?
"Ұлттық құрама сапында өнер көрсету – үлкен жауапкершілік, барынша үздік ойын көрсету керек", - деді Кәрім.
Кәрім Меңдіқанов туралы не белгілі?
Еске салайық, 15 жастағы футболшы Орал қаласында дүниеге келген, бірақ 2022 жылы әкесімен бірге Испанияға көшіп кеткен. Онда каталониялық командалардың біріне қабылданып, кейін оны "Барселона" скауттары байқап қалған.
2026 жылдың жазынан бастап Кәрімнің әлемдегі ең танымал клубтардың бірінің жастар командасымен келісімшарты бар.
TengriSport Шымкентте болып, Меңдіқановтың Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынын тамашалады және "Барселонаның" болашақ ойыншысымен сұхбаттасты.
"Барселонадағы" алғашқы қазақстандық – көшу, келісімшарт және құрама туралы сұхбат
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz