Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалында украиналық Элина Свитолинаны жеңді. Матч 1 сағат 47 минутқа созылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте жеңді - 7:5, 6:4.
Индиан-Уэллс турнирінің финалында Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.
Турнир жеңімпазы 1 201 125 доллар (585 миллион теңгеден аса) сыйақы алады.
Индиан-Уэллс турнирінің жалпы жүлде қоры - 18 831 450 доллар (9,4 миллиард теңгеден асады).
Еске салайық, бұған дейінгі кезеңде Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы жеңген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz