Жүкембаев нокаутпен жеңісіне қатысты пікір білдірді

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) кәсіпқойдағы кезекті жеңісіне қатысты пікір білдірді.

АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде Батыр украиналық Иван Редкачты (24-7-1, 19 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңді. 

"Аллаға шүкір жеңіс, Алға Қазақстан!!! Маған шынайы жанкүйер болып, маған жасаған дұға тілектеріңізге мың алғыс айтамын…", - деп жазыпты боксшы әлеуметтік желіде.