Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізіп, бірінші жартылай орта салмақтағы WBA NABA чемпиондық атағын сәтті қорғады. Отандасымыз француз боксшысы Мұхмаед Мимуннан (23-5, 4 КО) айласын асырды.
10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін созылды. Төрешілердің бірауыз шешімімен Батыр айқын жеңіске жетті. Есеп – 98-92, 98-92, 99-91.
32 жастағы қазақстандық боксшы мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал қарсыласы болса алтыншы рет жеңілістің кермек дәмін татты. Бұған дейін Мимун IBO чемпионы болған боксшы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!