Жол апатынан қайтыс болған жаттықтырушы бір ай бұрын анасына ерекше видео арнаған

Жол апатынан қайтыс болған жаттықтырушы бір ай бұрын анасына ерекше видео арнаған
Фото: instagram.com/batyrbekov.a.a/

Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан 1 адам қаза тауып, 2 адам ауыр жарақат алғаны жайлы жазған едік. Кейіннен белгілі болғандай, қаза болған азамат бұрынғы футболшы Әлібек Батырбеков болып шықты.

Жол-көлік оқиғасы 18 шілде күні кешкі уақытта болған. Алматы облысы ПД қызметкерлері хабарлағандай, 26 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 109 шақырымында келе жатып, рөлді басқара алмай, жол жиегіндегі темірге соғылған.

Әлеуметтік желіде парақшалар қаралы хабарды жазып, спортшының отбасы мен әулетіне көңіл айтып жатыр.

Жетісу облысының үздік футболшысы, балалар мен жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы Батырбеков Әлібек Асылбекұлы кешегі жантүршігерлік жол апатында өмірден өтті. Отбасына және әулетіне қамыға отырып, қайғыра көңіл айтамыз. Иманы саламат болсын… - деп жазды instagram парақшада.

Әлібек Батырбеков "Жетісу" және "Бәйтерек" футбол клубтарында қорғаушы болып ойнаған. Кейінгі жылдары жаттықтырушылық қызмет атқарып жүрген. Ол 2012 жылы Алматы облысынан "Оле Бразил" бағдарламасы бойынша Бразилияға барып дайындалып келген 4 жеткіншектің бірі еді.

Қайғылы оқиға болардан бір ай бұрын ғана әлеуметтік желісіне анасын құттықтап, видео салған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алибек Батырбеков (@batyrbekov.a.a)

Massaget.kz редакциясы Әлібек Асылбекұлының отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. 

Massaget.kz