Жəмила Бақбергенова - күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны

Қазақ балуаны Жəмила Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Жәмила Бақбергенова (72 келі) жапониялық Сумире Никураны сенімді ұтып, Астанадағы Азия чемпионатында топ жарды. Ол - сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Қазақстандық күндіз ширек финалда тайбэйлік Пинг Цен Хонгты, сосын жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энкх Амарды таза ұтқан.

Жәмилә - былтыр Моңғолияда өткен құрлық бәсекесінің жеңімпазы. Қазір еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).


Сонымен бірге қазақстандық Нилуфар Раимова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол (57 келі) қырғызстандық Бермет Нуриддинқызын сенімді ұтып, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Эльмира Сыздықова екі дүркін Азия чемпионы болған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!