- Негізгі бет
- Спорт
- Жəмила Бақбергенова -...
Жəмила Бақбергенова - күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны
Қазақ балуаны Жəмила Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.
Жәмила Бақбергенова (72 келі) жапониялық Сумире Никураны сенімді ұтып, Астанадағы Азия чемпионатында топ жарды. Ол - сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ балуаны.
Қазақстандық күндіз ширек финалда тайбэйлік Пинг Цен Хонгты, сосын жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энкх Амарды таза ұтқан.
Жәмилә - былтыр Моңғолияда өткен құрлық бәсекесінің жеңімпазы. Қазір еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен бірге қазақстандық Нилуфар Раимова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол (57 келі) қырғызстандық Бермет Нуриддинқызын сенімді ұтып, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Эльмира Сыздықова екі дүркін Азия чемпионы болған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан