“Жетісу“ “Қайратпен“ ойын алдында тосын мәлімдеме жасады

“Жетісу“ “Қайратпен“ ойын алдында тосын мәлімдеме жасады
Фото: "Қайрат"ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясындағы ойында "Жетісу" командасының "Қайратқа" қарсы кездесуде бірден бірнеше негізгі ойыншысы алаңға шықпайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұның себебі – Самат Смақов жаттықтыратын талдықорғандық клубта алматылық "Қайраттың" бірнеше тәрбиеленушісі жалға ойнап жүр.

Атап айтқанда, "Жетісу" сапындағы үш ойыншы – Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов және Мирас Оматайдың ойын құқықтары "Қайратқа" тиесілі. Ал жалға алу келісімшарты бойынша олар өз клубтарына қарсы ойнауға рұқсат етілмеген.

Бұған қоса, жазда "Жеңістен" "Жетісуға" ауысқан шабуылшы Нұрбол Ануарбеков те алдағы кездесуге қатыса алмайды, ол өткен турда "Қайсармен" болған ойында алаңнан қуылғандықтан, бір матчқа шеттетілген. Бұл туралы спорт журналисі Владимир Жарковтың арнасы хабарлады.

"Қайрат" пен "Жетісу" арасындағы матч 5 қазанда Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді. Кездесу сағат 16:00-де басталады.

Қазір "Қайрат" 23 ойыннан кейін 52 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. Көшбасшы "Астананың" еншісінде 24 ойыннан кейін 53 ұпай бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget