Жеті қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымдастыруымен бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1/8 финалдың қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасының жеті өкілі ширек финалға жолдама алды.

Әділ Асқанбай (50 келі), Айдос Үсенов (55 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі), Владислав Саможонов (+90 келі) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!