Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында Олимпиада чемпионы атанып, Қазақстанға қысқы Олимпиада ойындарында кейінгі 32 жылдағы алғашқы алтын медальді сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Спортшы осындай сенсациялық жеңістен кейін екі күн бойы ұйықтамағанын айтты.
"Екі күн бойы ұйықтамадым. Дәлірек айтсам, бар-жоғы екі сағат көз ілдім. Шынымды айтсам, бүгінге дейін не болғанын толық сипаттап бере алмаймын. Кейінгі күндер адреналинге, өзіме деген сенім мен мақтанышқа толы болды. Бірақ ең бастысы еліме деген мақтаныш сезімі басым болды", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова