Шымкенттік жанкүйерлер танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітханды ерекше құрметпен еске алды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ордабасы" мен "Жетісу" арасындағы матч кезінде жанкүйерлер арнайы перфоманс ұйымдастырып, ойынның басында және 69-минутта қолдау көрсеткен.
Бұл ойынды Амангелді Сейітханның ұлы Бекасыл Сейітхан жүргізген.
"Қиын сәтте сүйейтін де, жығылса көтеретін де - өз қазағы. Сондықтан қазақтың жанашыры қазақ қана", - деп жазды ол желіде.
Айта кетейік, 11 мамырда атақты комментатор Амангелді Сейітхан 57 жасқа толар еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз