Астананың "Жеңіс" футбол клубы 16 жылдан кейін Қазақстан премьер-лигасына қайта оралды. Осылайша "Елімай" мен "Тұраннан" кейінгі үшінші жолдамаға ие болды.
Команда бірінші лиганың соңғы турында "Оңтүстік" командасын 4:0 есебімен ұтты. Команда сапында Тамаз Макацария хет-трик жасаса, бір голды Артем Черединов өз еншісіне жазды.
"Жеңіс" командасы соңғы рет премьер-лигада 2008 жылы ойнаған. Қазақстанның үш дүркін чемпионы болған клуб.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!