Жеңіліп көрмеген қазақстандық чемпион титулдарын қорғайды

Бірінші жартылай орта салмақта IBO және WBA Gold титулдарына ие Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) келесі жекпе-жегін шетелде өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Боксшының командасына жақын дереккөз мәліметінше, қазіргі таңда АҚШ пен Оңтүстік Америка елдері қарастырылып жатыр. Жекпе-жек осы жаздың басында болады екен, қазіргі таңда келіссөздер жүріп жатқан көрінеді.  

Айта кетейік, Жанқош кейінгі рет былтыр Алматыда жұдырықтасып, жапониялық Акихиро Кондодан (37-12-2, 21 КО) WBA Gold белбеуін тартып алған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!