Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген америкалық боксшылар Теренс Кроуфорд (39-0, 30 КО) пен Эррол Спенс (28-0, 22 КО) жартылай орта салмақта жекпе-жекке шығуға келісті. Бокс кеші 29 шілде күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтеді, - деп жазды инсайдер Майк Коппинджер.
Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенс арасындағы шаршы алаңдағы шайқасты спортсүйер қауым көптен бері күткен еді. Бұған дейін бірнеше рет келіскенмен, жекпе-жек ұйымдастырылмай қалған. Бұл жолы бокс кешінің өтуіне еш кедергі болмайды деп күтілуде.
Кроуфорд – жартылай орта салмақта WBO белбеуінің иегері, ал Спенс болса бұл салмақта IBF, WBC және WBA атақтарына ие. Жеңгені абсолютті чемпион атанады.
Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 2015 жылғы Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы кездесуден кейінгі бокстағы маңызды жаңалық болмақ.
![]()
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!