Жеңілмеген әлем чемпионы карьерасын аяқтады

Жеңілмеген әлем чемпионы карьерасын аяқтады
Фото: Reuters

Ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри (32-0, 23 КР) карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Чемпион бұл туралы Диллиан Уайтты (28-3, 19 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін айтты.

"Сүйікті жарым Пэриске уәде бергенмін, Уайлдермен үшінші айқастан кейін болды деп. Бізде үлкен айқас болды, бұл ұлы трилогия. Бірақ содан кейін маған "Уэмблиде" жұдырықтасуды ұсынды және мен жанкүйерлер алдында қарыздар едім... Ал енді бәрі орындалды, мен сөзінде тұратын адам болуым керек. Бұл "Сыған патшасы" үшін соңғы шоу болуы мүмкін", - деді Тайсон.

А. Жапатова