“Жеңілдік, оны мойындаймыз“ - Месси ӘЧ-ден кейін

Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Шешуші кездесуде Аргентина қосымша уақытта 0:1 есебімен есе жіберді. Матч аяқталғаннан кейін Месси көз жасына ерік берді.

"Көңілім түсіп тұр. Бірақ бар күшімізді салып ойнағанамызды білемін. Шынын айтқанда, олар мықтырақ болды. Жеңілдік, оны мойындаймыз. Бұл осы уақытқа дейін атқарған еңбегімізді ұмытамыз деген сөз емес. Сондықтан командаластарыма және бүкіл елімізге алғыс айтқым келеді", - деді Месси.

Месси 2026 жылғы әлем чемпионатында сегіз матчқа қатысып, сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Ал турнирдің үздік сұрмергені Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе атанды. Ол он гол соғып, төрт нәтижелі паспен көзге түсті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!