Жеңіл атлет Елизавета Матвеева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ұлттық құрама сапынан Елизавета Матвеева медаль жеңіп алды. Ол биікке секіру сайысында үшінші орынға ие болды. Қазақстандық спортшы 180 сантиметрге секірді.

Өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева 183 сантиметрге секіріп, жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені қытайлық Цзявэнь Лу иеленді, оның нәтижесі - 180 сантиметр. Гонконг өкілі Чун Вай Я да осындай нәтижемен қола медальға қол жеткізді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!