"Жеңешемді құттықтаймын". Жанқош Тұраровқа қолдау білдірген әйелі Қазнетті тәнті етті

"Жеңешемді құттықтаймын". Жанқош Тұраровқа қолдау білдірген әйелі Қазнетті тәнті етті

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Исаның жекпе-жек кезінде күйеуіне көрсеткен қолдауы Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, 11 желтоқсанда Алматыда Жанқош Тұраров жекпе-жекке шыққан болатын. Тұраров IBO Intercontinental белбеуін иеленді. Ол бұл титулды венесуэлалық Энрике Луиспен сарапқа салды. Жекпе-жек Алматыдағы бокс кешінің басты кездесуі болды және он раундқа есептелген. Жетінші раундта Тұраров қарсыласын екі рет нокдаунға, кейін жойқын соққымен нокаутқа түсірді.

Алғаш рет Қазақстандағы кешті DAZN платформасы көрсетті. Бұл Тұраровтың стриминг сервистегі дебюті болатын. 

Блогерлер Клара Исаның күйеуі Жанқош Тұраровқа көрсеткен қолдауының видеосын бөлісе бастады. 

"Әр чемпионның артында бір әйелі тұрады дейді. Жеңешемді құттықтаймын", - дейді мобилограф Қыран Талапбек. 

@kyran_talapbek

♬ оригинальный звук - kyran_talapbek

Клара Исаның видеосын блогер Нұрдәулет Бектұрсын да бөліскен. 

@nnnurdaylet_tiktok Не деген поддержка???Ар жеңімпаздын артында келіншегі турады деген рас??#бакыт#врек#жанкош ♬ оригинальный звук - Bektursyn Nurdaulet

"Недеген қолдау, беріліп қарап отыр", "Қолдау деп осыны айт", "Қатты алаңдады", "Маған да осындай жар бұйырса", - дейді Желі қолданушылары. 

@massaget.kz #жаңқош#тұраров#ibo#intercontinental#белбеу#спорт#бокс#рек#қазақстан#казахстан#спортсмен#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина