- Негізгі бет
- Спорт
- "Жекпе-жек оңай болған...
"Жекпе-жек оңай болған жоқ". Жүкембаевтың қарсыласы жеңілісінен кейін пікір білдірді
Оңтүстік Африка боксшысы Ксолани Мкотели (19-8, 12 KO) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Батыр Жүкембаевтан (19-1, 15 KO) қалай жеңілгенін айтты.
Алматыда 24 желтоқсанда өткен бокс кешінде он раундтық жекпе-жек 6-раундта техникалық нокаутпен аяқталған болатын. Бұл Батырдың Қазақстандағы бірінші айқасы болды.
"Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсыласымның соққысы ауыр және техникасы да мықты екен. Ол менен жылдам әрі нәтижелі болды. Біраз уақытқа дейін қысымының бетін қайтарып, соққыларына жауап беріп отырдым. Алайда әр раунд сайын қиын бола бастады. Оның әлеуеті өте жоғары, оны іске асыру қажет. Оған сәттілік тілеймін.
Қазақстанды көргеніме қуаныштымын. Қызықты әрі әсем ел екен. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын", - дейді Мкотели.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек