Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска – жапониялық Юки Наитомен сынға түсті.
Қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Құламбаева – Сакелларидидің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!