Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландтағы ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелкен қазақстандық теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли – қытайлық Лю Фанчжоуды жеңді.
Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сет оңайлау болды – 6:2.
Құламбаева – Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!