Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Амстелвенде (Нидерланд) өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз жұптық сайыста бельгиялық Полина Бахмуткинамен бірге өнер көрсетіп жатыр. Олар ширек финалға шығу үшін өткен матчте Габриэла Вилар (АҚШ)/Вероника Фальковская (Польша) жұбын 6:3, 6:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, енді олар жартылай финалға шығу үшін Джой де Зееув және Антония Стояновпен күш сынасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!