Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Франциядағы Шербур ITF турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Жібек Құламбаева мен Польша өкілі Мартына Кубка финалда франциялық Ясмин Мансури - бельгиялық Лора Солденмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қазақ-поляк қарсыластарын 6:0, 6:3 есебімен оңай жеңді.
Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында тағы бір ITF додасында үздік шықты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!