Жібек Құламбаева бұған дейінгі жарақатынан кейін топ жарды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирдің абсолют жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Спортшы жеке және жұптық сында үздік шықты.

Жеке сындағы финалда Жібек Құламбаева жергілікті теннисші Сонал Патилмен кездесті. Шешуші матч қазақстандық спортшының екі сеттегі жеңісімен аяқталды: 6:1, 6:3.

Жұптық сында Жібек Құламбаева ресейлік спортшы Екатерина Яшинамен дуэт болып өнер көрсетті. Финалда олар Элина Неплий/Ксения Ласкутова (Ресей) жұбын жеңді. Кездесу 5:7, 6:4, 10:6 есебімен аяқталды.

Нагпурдағы қос жеңістің маңызы ерекше: жеке және жұптық сындағы жеңістер Жібек Құламбаева үшін осы маусымдағы алғашқы титулдар болды. Ол бұған дейін алған жарақатынан кейін қалпына келген еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!