Туризм және спорт министрлігінде елімізде жазда өтетін ірі халықаралық спорт жарыстарына дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жиында Астана, Түркістан, Шымкент және Ақтау қалаларында ұйымдастырылатын халықаралық турнирлерге дайындық барысы қаралды.
Кеңес барысында қатысушылар елордада өтетін боччадан Әлем кубогіне дайындық жұмыстарын талқылады. Бұл жарысқа әлемнің 25 елінен спортшылар қатысады.
Сонымен қатар, 16 елден шамамен 350 спортшы бақ сынайтын байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты, 1600-ге жуық спортшы қатысатын таеквондодан (WT) халықаралық турнирлер, 15 елден шамамен 250 спортшы жиналатын жеңіл атлетикадан XXXV Ғұсман Қосанов мемориалы, 50 елден 500-ге жуық спортшы белдесетін кураштан әлем чемпионаты және 700 спортшы қатысатын WKF каратэден Орталық Азия чемпионатына дайындық мәселелері де сөз болды.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға, федерацияларға және жарыс ұйымдастырушыларына алдағы халықаралық додаларға байланысты нақты тапсырмалар берілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!