Жаяу жүрудің пайдасы

Жаяу жүрудің пайдасы
Фото: inspire2u.ru

Жүру – денсаулыққа аса пайдалы. Жаяу жүру — адам ағзасының физикалық жағдайын жақсартатын тиімді құрал. Әсіресе жүрек бұлшық еттерінің қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасайды. Күнделікті күйбең тіршілікпен қанша шақырым жол жүріп, қанша қимыл-қозғалыс жасағанымызды қаперге ала бермейміз. Десе де технология дамыған заманда қимыл-қозғалысымыз азайып бара жатқанын мойындауға тиіспіз. 

Мамандар күніне кем дегенде 30 минут жаяу жүрудің пайдасын былайша тізбектейді:

— Рухани сергектік береді. Мезгіл өзгерістерінде әсіресе күз айларында депрессияға бейімділік байқалады. Ал жаяу жүру шоколадтан да көп бақыт гормонының түзілуін қамтамасыз етеді. Оның үстіне калориясыз түрде.

— Ми жақсы жұмыс істейді. Миға қатысты зерттеулер қозғалыстағы адамның миы отырып жұмыс істейтін адамға қарағанда жылдам ойланатыны және жаңа пікірлер қалыптастыра алатындығы анықталған.

— Арықтауға көмектеседі. Үйден жұмысқа, жұмыстан үйге кем дегенде 30 мин жаяу жүретін болсаңыз, майдың еруіне 2 пайызға ықпал еткен боласыз.

— Сондай-ақ зерттеулер асықпай, баяу жүруге қарағанда бір қалыпты жылдам темпті жүрудің пайдасы көбірек екендігін көрсеткен.

— Созылмалы аурулардан қорғанасыз. Жаяу жүру қан қысымын 11 балға азайтады және сал ауруына шалдығу қауіпін 20-30 пайызға азайтады. Аптада 5 күн 30 минут жаяу жүру арқылы жүрек ауру қауіпін 30 пайызға азайта аласыз.

— Жүйелі түрде жаяу жүру варикоз ауруы қауіпін азайтады. Қан айналымын ретке келтіреді.

— Жаяу жүру салмақ тастатып буындарға түсетін жүкті азайту мен қатар оттегінің буындарға жақсы тарауын қамтамасыз етеді.

— Өзіңізге уақыт бөле алмай жүрген болсаңыз жаяу жүріңіз. Адам көбінесе жүрген кезде жеке қалады және ойланады. Тұрмыс-тіршілігіңізді талдау, келеңсіздіктерге шешім іздеу, көпшіліктен жырақ шығып ішкі сезімдерді тыңдау үшін жаяу жүруді байқап көріңіз. 

 

дереккөз:bilim-all.kz

Т. Есқали