Спорттың қай түрі болмасын, адам бойындағы тың қасиеттерді жетілдіреді. Адамға күш қуат беріп қана қоймай, оның бойындағы жігерді нығайтады.
Жауапкершілік:
Жауынгерлік өнер – топпен жұмыс жасау емес. Бұл өзіңе сену. Яғни, жауапкершілік өзіңе ғана жүктеледі.
Жаттығуға себепсіз бармай қойдыңыз ба? Жаттығу кезінде өзіңізді аядыңыз ба? Демек,сіздің жеңілу мүмкіндігіңіз әлдеқайда жоғары.
Еркіндік:
Жауынгер – тәуелсіз адам. Ол өзінің ойын ашық жеткізе алатын болады. Өйткені, қарсыласымен күрес кезінде ол өзінің бағытымен жүруі тиіс. Әрине, жауынкерлік спорт түрлерінде белгілі бір ереже бар. Бірақ, белгілі бір шаблондармен өмір сүрсе ол бұл спортта жетістікке жетпес еді. Ол спортшы бұл ережелерді өзіне тән қолдануды үйренеді.
Шыдамдық:
Физикалық аурулар әдетте адамға жағымсыз әсер қалдырады. Ірақ, оған төтеп беру керек. Сол кезде ғана шымыр бола түсесің. Адамдар спортпен айналысып бастағанымен, көбіне шыдамастан орта жолда тастап кетеді. Сондықтан, жауынгерлік спорт түрлері адамды шыдамды болуға итермелейді. Ауруларға төтеп беріп, болашақта төзімді болып жетілуін қамтамасыз етеді.
Сенімділік:
Спортшы ешқашан жеңіліс туралы ойламауы керек. Ал, ол үшін өзіне деген сенміділік күшті болуы тиіс. Спортпен айналысатын адамдардың барлығы өзіне сенімді болады. Олар тек спорт саласында ғана емес, кез келген ортада сенімділігін жоғалтпайды.
Спорт бұл – жеке әлем. Спортпен өзгелерді қанау үшін емес, өзіңізді қорғау үшін айналысыңыз. Сонда ғана биікті бағындырасыз.