Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасы қарсыласын 14:2 есебімен ұтты

Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасында хоккейден Қазақстан командасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Отандастарымыз Тайбэй елінен келген қарсыластарын 14:2 есебімен ұтты.

Қазақстандық жас хоккейшілер 5 ойын өткізіп үлгерді. Польша елінің құрамасын 18:8 есебімен ұтса, Австрия (8:9), Латвия (11:15) және Дания құрамаларына (6:8) жол берген болатын. 

Топтағы соңғы екі ойынды Қазақстан құрамасы Испания мен Ұлыбританияға қарсы өткізеді.