Жасөспірімдер Азиадасында Анель Ташбай ел қоржынына тағы бір алтын салды

Қазақстан құрамасының тасжолдағы велоспорт өкілі Анель Ташбай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына бесінші алтын медаль салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ташбай жекелей уақытқа жарыста топ жарды. Спортшы жолды 17:06.05 уақытта жүріп өтті.

Күміс жүлдені қытайлық Аофэй Син (17:25.08) иеленсе, қола медаль Чин Лоуға (Гонконг) бұйырды (17:40.41).

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес алтын медаль бар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!