Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан жағажай волейболынан алтын медаль жеңді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалда отандастарымыз Таиланд командасынан басым түсті.

Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш шешуші кездесуде 2:0 (21:15, 23:21) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы үшінші орын алған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!