14 жастағы қазақстандық теннисші Томирис Нұржан Барселонада (Испания) өткен Open Banc Sabadell U-14 Champion беделді турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды olympic.kz.
Финалда Томирис Нұржанға жергілікті спортшы қыз қарсылас атанды. Отандасымыз шешуші ойында 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Чемпион жүлдесін Каталония мэрі жеке өзі табыстады және біздің теннисшінің жеңіске деген керемет ерік-жігерін атап өтті.
Open Banc Sabadell U-14 Champion – жасөспірімдер арасында өтетін беделді турнир. Осы жеңіс нәтижесінде Томирис сәуір айында Барселонада өтетін ATP 500 турнирімен қатар ұйымдастырылатын кезекті жарыста бақ сынауға мүмкіндік алды.