Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender атты ірі халықаралық турнирде тағы екі медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Дулат Ералхан U13 жас санатында финалға дейін жетіп, өзбекстандық Амир Шириевке жол берді. Осылайша отандасымыз күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, осы жас санатында Олег Яковлев қола медальға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Олег Яковлев пен Мария Лукьянова U15 жас санатындағы аралас жұптық сында үшінші орын алған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова